“Ql-Trade Kazakhstan” қаржы пирамидасына ақша салғандардан полицияға хабарласу сұралды

polisia.kz
Күдікті азаматқа халықаралық іздеу жарияланды.

Алматы қаласының полиция департаменті “Ql-Trade Kazakhstan” ЖШС-ға ақша салғандардан полицияға хабарласу сұралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, қазіргі таңда Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы “Ql-Trade Kazahstan” ЖШС басшылығы жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

– 2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық өтінішпен аталған ЖШС-нің 99 салымшысы жүгінді. Қазіргі уақытта алаяқтық құрбандарының саны айтарлықтай артты, эпизодтар елдің басқа қалаларында да анықталды. Күдікті азамат халықаралық іздеуде. Аталған ЖШС салымшылары болып табылатын азаматтарды Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 55 мекенжайына келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, + 7-777-250-68-37, + 7-707-555-50-87 немесе “102” телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз, – дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды