Семейдегі колония қызметкерлері ит-мысықты аяздан құтқарды

ШҚО ҚАДЖ
Барлығы 20 ит пен 4 мысық құтқарылып, жылы үй-жайға орналастырылды. Олардың ішінде жаңа туылған 5 күшік бар.

2021 жылдың бірінші күнінен Семей өңірінде -45 градусқа дейін қатты аяздар жан-жануардың барлығына ауыр соғып тұрғаны айқын, деп хабарлайды zakon.kz.

Кешелі бүгінгі күндері Семей қаласының ОВ-156/14 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері жануарларды аяздан құтқару жұмысын жүргізді. Қызметкерлер оларға жеке үй-жай ұйымдастырып, аяз қайтқанға дейін өз қамқорлықтарына алды. Барлығы 20 ит пен 4 мысық құтқарылып, жылы үй-жайға орналастырылды. Олардың ішінде жаңа туылған 5 күшік бар.

Ит жеті қазынаның бірі деп атам қазақ ерекше бағаласа, мен өзім оларды адамзаттың анық досы деп жақсы көремін. Итке оның иесі жақсы қараса, ол иесі үшін жанын қиюға әзір екендігі өмірмен дәлелденгенін айтсақ, оларға осындай ауа райында көмек көрсету әр адамның парызы деп ойлаймын, дейді жасақ бастығы әділет капитаны Айдар Жанатов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды