Маңғыстау жолдарында түйенің муляжы тұратын болды

kolesa.kz
Жануарлардың муляжын полицейлер қауіпті жол бөліктеріне орнатады.

Облыстық полиция департаментінің мамандары жылдамдықты шектен тыс асыру мен жолда қараусыз жайылып жүрген мал ірі жол апатына жиі себеп болады деп есептейді, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Апат санын азайту үшін тәртіп сақшылары жол жиегіне муляж орнатқанды жөн көріпті. Көбіне қала ішінде қолданылатын адам пішіні бұл мақсатқа сай келмеді (айдалада сөмке асынған оқушы кетіп бара жатса, оғаш көрінеді ғой).

Өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақтау — Жетібай, Жетібай — Шетпе, Шетпе — Сайөтес, Сайөтес — Бейнеу, Жетібай — Жаңаөзен, Ақтау — Құрық және Бейнеу — Боранқұл тас жолдарына 13 түйе мен ат муляжы орнатылады. Олар қараңғыда жақсы көріну үшін жарыққа шағылысатын қабықпен қапталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды