Қазақстандықтарға 42 500 теңге төлемі туралы sms хабарлама келе бастады

shop.etamoda.com
Бұл жағдай бей-жай қарайтын нәрсе емес әрі ол адами фактор жағдайында орын алды.

Кейбір қазақстандықтарға 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алғыңыз келе ме деген сипатта SMS хабарлама келген, деп хабарлайды zakon.kz.

8 қаңтарда таңертең әлеуметтік желілерде СМС хабарламаның скриншоттары пайда болды, онда қазақстандықтардан "5 шілдеден бастап кірісіңіз жоғалған жағдайда 42 500 төлем алуға келісесіз бе" деген сұрақ қойылған.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бұл техникалық ақаулық екенін хабарлады.

Түнде жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізіліп, сол кезде орын алған ақаулық төлем тағайындалғаны туралы ескі хабарламалардың жолдануына жол берген. Хабарлама байланыс операторларының 400 000 абонентіне жіберілді. Бұл жағдай бей-жай қарайтын нәрсе емес әрі ол адами фактор жағдайында орын алды. Себепсіз мазалағанымыз үшін кешірім сұраймыз әрі бұл жағдайға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін өз ризашылығымызды білдіреміз! - деді "ҰАТ" АҚ баспасөз хатшысы Анар Мағзұмова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды