Екі облыста ҚАЖ департаменттерінің бастықтары тағайындалды

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі
Қалетаев Ж.А. Шығыс Қазақстан облысының тумасы.

Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жаңа басшыларын жеке құрамға ҚАЖ комитетінің төрағасы әділет полковнигі Жанат Ешмағамбетов таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып бұған дейін осы облыстың Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Жанболат Аманұлы Қалетаев тағайындалды.

Қалетаев Ж.А. Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан қызмет етеді, өңірлік полиция департаментінің бөліністерінде біраз жылдары басшылық лауазымдарда болған.

Осы бұйрықпен Қостанай облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы болып – Абай Серікұлы Қайырбеков тағайындалды.

Қайырбеков А.С. ішкі істер саласындағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысында аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Көп жылдар бойы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында қызмет атқарған. Соңғы атқарған лауазымы - министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды