Назарбаев: Біз Ассамблеяны сақтап, оның институттарын нығайтуымыз тиіс

zakon.kz
Дауыс беру Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІІ сессиясы аясында өтіп жатыр.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Дауыс беру Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІІ сессиясы аясында өтіп жатыр.

- Бүгін біз дауыс берген Мәжіліс депутаттығына үміткер 9 депутат - әртүрлі этностың, әртүрлі ұлттың өкілдері, Қазақстанда тұратын біздің азаматтар. Олар әр адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін, мәдениетті, тарихты қорғайтын заң шығарады, яғни қалыпты өмірді, қалыпты дамуды, барлық этностар мен діни бірлестіктер арасындағы қалыпты қатынастарды қамтамасыз етеді. Бұл өте маңызды сәт. ҚХА барлық посткеңестік мемлекеттер үшін үлгі болатын жалғыз құрылым. Өздеріңіз білетіндей, Ресей жақында біздің тәжірибемізді қабылдап, қазір Ассамблея құруда. Басқалары бұған дейін де жасаған. Яғни, біз Ассамблеяны сақтауымыз керек, оның институттарын нығайтуымыз тиіс, - деді Назарбаев дауыс беруден кейін сөйлеген сөзінде.

11 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тоғыз кандидатты ұсынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды