Жезөкшені абайсызда өлтіріп алған теміртаулық жігіттің ісі қайта қаралады

видеодан кадр
19 жастағы жігіт жезөкшені жыныстық қатынас кезінде абайсызда тұншықтырып өлтірген еді.

Жезөкшені абайсызда тұншықтырып өлтіріп алған жігіттің ісі қайта қаралатын болды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық соты кісі өлтіру бабы бойынша сотталған 19 жастағы Теміртау тұрғынына қатысты сот үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі өзге құраммен қайта қарауға жіберді. Судьялар алқасы негізгі сот талқылауы барысында қылмыстық-процессуалдық заңнама нормаларының бұзылуын анықтады. Сондықтан қылмыстық іс дәл сол сотқа басқа құрамда жаңа сот талқылауына жіберілді.

Еске сала кетсек, 19 жастағы жігіт жезөкшені жыныстық қатынас кезінде абайсызда тұншықтырып өлтірген.

Жәбірленуші тарап одан материалдық шығын үшін 380 мың теңге және моральдық шығын үшін 10 миллион өтемақы өндіріп беруді сұрады. Сотталушы кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды