Қазақстандық жас теннисші қыз Еуропаның үздіктері қатарына енді

prosports.kz
Зара — үздік 30 жасөспірімдер тізіміндегі ең жас теннисшілердің бірі.

13 жастағы қазақстандық Зара Даркен Еуропалық теннис федерациясының жаңартылған жасөспірімдер рейтингісінде 14 жастан аспаған ойыншылар арасында 60 позицияға көтеріліп, 30-шы орынға ие болды, деп хабарлайды zakon.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай серпіліс жас спортшыда ЕТ (Еуропа теннисі) сериясындағы турнирлерде сәтті өнер көрсеткеннен кейін анықталды. Бірінде ол чемпион атанды, ал екіншісінде финалға жетті. Tennis Park Open by Head турнирінде ол тартысты ойында Украинадан келген Елизавета Котлярға жол берді. Айта кету керек, Зара — үздік 30 жасөспірімдер тізіміндегі ең жас теннисшілердің бірі.

Зара Даркен, Ақтөбе қаласындағы теннис орталығының тәрбиеленушісі:

- Мен әлемнің бірінші ракеткасы болғым келеді және үлкен теннис турнирлерінде жеңіске жеткім келеді. Теннисте ерлер арасында Рафаэль Надальды, әйелдер арасында Анжелика Керберді пір тұтамын. Мен олардың ойындарын теледидардан қадағалаймын. Әрине спортта жеңістер ғана емес, жеңілістер де болады. Көзге жас алатын кездер болады. Бірақ сіз жақсы ойнағаныңызға сенімді болсаңыз, жеңілдеп қаласыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды