Семей тұрғыны колония қоршауы арқылы телефон лақтырмақ болды

Сурет: zakon.kz
Ұсталған адамнан скотчпен оралған түйіншек алынып, оның ішінде ұялы телефон табылды.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты колония аумағына лақтыру әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мекеменің жедел және тәртіп бөлімінің қызметкерлері негізгі қоршау маңында патрульдеу кезінде колонияның негізгі қоршауынан белгісіз зат лақтыруға тырысқан ер адамды ұстағанын хабарлады.

Жеке тексеру барысында ұсталған адамнан скотчпен оралған түйіншек алынып, оның ішінде ұялы телефон табылды. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның 36 жастағы Семей қаласының тұрғыны екені анықталды. Күдікті азамат скотчпен оралған түйіншекті, мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанның біріне лақтырмақ болғанын айтты.

Аталған факті бойынша материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды