Ақ үйге көшер алдында Байден көз жасына ерік берді

видеодан алынды
Менің өзегімді өртейтін тек бір ғана өкініш бар, қазір ол менің жанымда жоқ - деп Байден.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден Ақ үйге көшерден бір күн бұрын өзінің туған қаласы Дилавэр штатындағы Уилмингтон қаласы тұрғындарымен қоштасып, көзіне жас алды, деп хабарлайды zakon.kz Unilad-қа сілтеме жасап.

Мен үшін бұл өте көңіл толқытар сәт. Менің бүкіл мансабым, жақсы-жаман күндерім осы қалада өтті, - деді ол.

Өз сөзінде ол жары Джилл Байденмен қалай кездескенін, марқұм ұлы Бо Байденнің бұл қаланы қалай жақсы көргенін айтты.

Менің өзегімді өртейтін тек бір ғана өкініш бар, қазір ол менің жанымда жоқ - деді Байден.

Сондай-ақ ол өз сөзінде Делавэрды "үміттің, жарқын сәттердің және шексіз мүмкіндіктердің орыны" деп сипаттады.

Байден 20 қаңтарда туған қаласынан кетіп, Вашингтондағы COVID-19 құрбандарына арналған Линкольн мемориалына бет алады. Ант қабылдағаннан кейін ол Ақ үйге көшеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды