"Nur Otan"-ның жанындағы Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

Nur Otan
Мәдина Нұрғалиева бұл тағайындауға дейін ҚЗСИ Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің бастығы болды.

"Nur Otan" партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры болып Мәдина Нұрғалиева тағайындалды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа басшы алдына бірқатар бірінші кезекте қолға алынуы тиіс міндеттер қойды, соның ішінде әлеуметтік-саяси күн тәртібіне сәйкес әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

Оның айтуынша, нақты бастамаларға бағытталған мақсатты және сапалы зерттеулер жүргізу қажет. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс қаншалықты жақсы жүргізіліп жатқанын, қандай индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізіліп жатқанын, жергілікті халық сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асырудың әсерін қалай сезінетінін және т.б. көрсетуі керек.

Мәдина Нұрғалиева бұл тағайындауға дейін ҚЗСИ Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің бастығы болды.

Ал алдында осы қызметті атқарған Юлия Кучинская ҚР Парламенті Мәжілісінде "Nur Otan" фракциясының депутаты болып кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды