Крещение сарсаңы. ШҚО-да өзен суының 1 литрі 1000 теңгеден сатылып жатыр

altaynews.kz
Әлеуметтік желілерде Хамир өзенінен алынған "Крещение суының" литрі 1000 теңгеден, зейнеткерлерге 800 теңге сатылады және жеткізу тегін" деген мазмұндағы хабарлама жүр.

Өскеменде өзен cуының 1 литрі 1000 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Хамир өзенінен алынған "Крещение суының" 1 литрі 1000 теңгеден, зейнеткерлерге 800 теңге сатылады және жеткізу тегін" деген мазмұндағы хабарлама жүр.

"Әдеттегі әзіл-қалжың емес екендігіне көз жеткізу үшін хабарландыру авторымен байланысқа шықтық. Есімі Николай екен. "Сұраныс болмаса, ұсыныс та болмайды. Бүгін екі тапсырыс болды. Өткен жылғы бұл мерекеде де осы Хамир өзенінен су тасып жүрдім. Сол кезде де тұрғындар хабарласып, "қасиетті суды" ақшаға сатуымды сұрап жатты. Енді әркімнің өзенге баруға мүмкіндігі бола бермейді ғой", - дейді Николай. Ал Данииловский шіркеуінің аға попы Михаил Арабов шіркеуде "қасиетті судың" тегін таратылып жатқанын айтады" деп жеткізеді altaynews.kz.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды