Шымкентте мүгедек қыз 7 жыл бойы зорланып келген

sq.com.ua
Қалалық полиция тиісті сараптамалар жүргізілгенін нақтылады.

Шымкент қалалық полициясы мүгедек қызды зорлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы оқиғаны баяндаған қала тұрғыны бұл мәселеге көптің назарын аудартқысы келеді. Зардап шеккен қыздың анасының үндеуі Qumash Telegram каналында жарияланды.

Автордың айтуынша, оның қызы (1-топтағы мүгедек) No2 қалалық мүгедектерге арналған мектеп-интернатында 7 жыл бойы зорланған.

Болжам бойынша, оны талып қалған кезде (қыз эпилепсиямен ауырады) пайдаланған. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері қыдың жатырына анасына ескертпей спираль қойған. Полиция зорлау фактілерін растады. Бірақ үш ай өтсе де, қыздың анасының айтуы бойынша, тергеу ісі бір орынан жылжымай тұр, - делінген хабарламада.

Қалалық полиция тиісті сараптамалар жүргізілгенін нақтылады.

Шымкент қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның қызына қатысты заңсыз іс-әрекеттер жасау туралы арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда (бірнеше рет жасалған зорлау). Тергеу тиісті сараптамалар мен бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізді. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде 2010 жылдан бері осы мекемеде жұмыс істейтіндер барлық ер азаматтардан жауап алынуда, деп атап өтті департаменттегілер.

ПД барлық тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданатындығын ескертті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды