Алматыда карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін

kursiv.kz
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдай алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға арналған брифингте Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері жаңа шектеулер туралы құжат дайындап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Онда "қызыл" аймақта болуына байланысты қалада алда қандай шектеулер енгізілетіндігі туралы жайттар қамтылған.

Бұл жұмыс енді аяқталуға жақын. Брифингтен кейін Алматыға оралып, бұл мәселе бойынша шешім қабылдаймын, яғни ертең енгізілетін жаңа шектеу шаралары туралы айтылатын болады, - деді Бекшин.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдай алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты.

Алматы "қызыл" аймаққа өтті. COVID-19 статистикасы, әрине, алаңдаушылық тудырады. Ауру санының күнделікті көрсеткіштері 130 адамнан төмендемей тұр. Ең алдымен, біз бұл көрсеткіштерді вирустық инфекциялардың маусымдық шыңымен байланыстырамыз. Әртүрлі сценарийлердің, оның ішінде жағымсыз сценарийлердің даму қаупіне қарамастан, қаланың денсаулық сақтау жүйесі COVID-19-бен күреске дайын, - деді ол.

Пандемия басталғаннан бері Алматыда КВИ жұқтырудың 21 547 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 139 жаңа жағдай анықталды. Осы уақытқа дейін коронавирустан емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 19 487 адам, бұл індетті жұқтырудың барлық жағдайларының 91% құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды