Сотта Хамитов тоқетер сөзін айтты

azattyq ruhy
Сот шешімі бүгін сағат 14:30-да жарияланады деп күтіледі.

Алматыда Қуат Хамитовтың соты өз жалғасын тауып, бұл жолы спортшы оған қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Хамитов сотта тоқетер сөзін айтты.

"...Мен үшін бастысы, қандай жаза берсеңіздер де, бәрібір, тек маған қажет кезде ерік берулеріңізді сұраймын. Яғни, шетелге шығуыма, жарысқа қатысуыма мүмкіндік болу керек", - деді ол.

Сот шешімі бүгін сағат 14:30-да жарияланады деп күтіледі.

Қуат Хамитовқа ҚР Қылмыстық кодекстің 272-бабы, 3-бөлігі (мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және тәртіпсіздіктер немесе жаппай арандатуға шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылуда.

Сот процесі 18 қаңтарда басталды. Іс қысқартылған тәртіпте қаралады.

Өткен жылдың қыркүйек айында қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов көшеде дезинфекция жасаушыларды таспен ұрып, дәрі шашып жүрген тікұшақтарға көпті оқ атуға шақырған видео түсірген. Ол тиісті сот ісін жүргізу үшін Алматы полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Хамитов одан соң жаңа видео жариялап, алдындағы видеоның қалжың ретінде түсірілгенін айтты. Алайда кейінірек ол өз сөзінен бас тартпағанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды