ШҚО басшысы Өскемен қаласының әкімі қандай қателіктерге жол бергенін айтты

ШҚО әкімдігі
Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, қала әкімі мен құрылыс басқармасы биылғы қазан айына дейін бір де бір шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарламаған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының әкімін қатаң сынға алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аймақ басшысы тұрғын үйлердің пайдалануға берілу қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді. Айталық, 2020 жылы облыс бойынша 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Өсім жоқ емес, бар. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 117,4%-ға жоғары. Алайда Өскемен қаласы бойынша бұл көрсеткіш небәрі 69,8%-ға тең.

– Айқын төмендеу байқалады. Бұл кемшіліктер үшін нақты жеке тұлғалар жауапты екенін атап өткім келеді. Қаржыландыру жүз пайыз бола тұра тұрғын үйлердің халық игілігіне берілмеуі Өскеменге үлкен сын. Бұл қала әкімі Жақсылық Омар мен орынбасарым Бақытжан Баяхметовтың жіберген қателіктері, – деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, қала әкімі мен құрылыс басқармасы биылғы қазан айына дейін бір де бір шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарламаған.

– Жұма күні аталған мәселе бойынша тағы жиналыс өтеді, жауапты тұлғаларға толық ақпарат дайындау тапсырылды, – деп жазды облыс әкімі Instagram аккаунтында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды