Бекшин қол қойған қаулысын өзгертіп, қайта жариялады

Pixabay
Медицина саласының қауымы Бекшин енгізген жаңа нормаға үдере қарсы шыққан еді.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңа құжатта коронавирусқа тапсырған ПТР-сараптамасында ковид диагнозы расталған науқастарды ауруханаға жатқызу талабы қайта өзгертіліп жазылды.

Коронавирус инфекциясының жеңіл және орташа түріне шалдыққан науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу, тек үйдегі карантинді сақтау жағдайы болмаған кезде ғана мүмкін, делінген қарарда.

28 қаңтарда қаланың бас санитарлық дәрігері Қаулыға қол қойды, онда коронавирус инфекциясының барлық түріне шалдыққан науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу туралы ұйғарым жасалды. Бұл адамдардың үй карантинін сақтамауымен түсіндірілді. Алайда медицина саласының қауымы бұл нормаға үдере қарсы шықты. Олардың пікірінше, бұл осы аурудың ауыр түріне шалдығушыларды қолдан тудыруға ықпал етуі әбден мүмкін, яғни жеңіл түрімен ауырған науқас ауруханада ауыр түрімен ауырған науқаспен байланыста болып немесе жұқпалы аурулар ауруханасының флорасынан-ақ дертін үдетіп, асқындырып алуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды