Қазақстан халқы үшін Pfizer вакцинасы қашан қолжетімді болады

rostec.ru
Қиясовтың айтуынша, келісімнің кей тұстары әлі талқылану барысында.

Қазақстан халқы үшін Pfizer вакцинасы 2021 жылдың екінші жартысынан бастап қолжетімді болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ерлан Қиясов айтты.

2021 жылдың екінші жартысынан бастап Pfizer вакцинасы Қазақстан үшін қолжетімді болуы мүмкін, - деді Қазақстанның бас дәрігері.

Алдын ала келісімдер жүргізілген.

Бірақ, оның айтуынша, келісімнің кей тұстары әлі талқылану барысында.

Pfizer-мен меморандум жасалды. Енді кейбір жайттар толығырақ талқылануда. Бір айта кетер жағдай, қазір Pfizer бойынша шетелдегі жағдайды өздеріңіз де көріп-біліп отырсыздар. Компанияның басқа елдер алдындағы міндеттемелерін орындау үлкен сұрақ тудыруда, вакцина жетіспеушілігі байқалып жатыр. Бұл мәселе талқыланып жатыр, суық режим - минус 70-ке дейін. Кейбір жайттар әлі талқылануда, - деді ол бұл ретте.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды