Ақтөбе облысында митингке шыққан мұнайшылардың жалақысы өсті

aqtobe_press
Сонымен қатар, компания қызметкерлеріне Наурыз мейрамында сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады. Сыйақы жалақының 50% құрайды.

Ақтөбе облысында "АМК Мұнай" жұмысшыларының жалақысына 40 мың теңге қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.

25 қаңтарда мұнайшылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалақыларын көтеру туралы өтініш айтып, видео үндеу жолдады. Жұмысшылар тапқан ақшасы ешнәрсеге жетпейтінін айтты. Олар осы талабы орындалмай, жұмысқа шықпау туралы шешім қабылдағандарын жеткізді.

80 адам жұмыс істеуден бас тартты деген ақпарат бар. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен комиссия құрылды.

1 ақпанда мұнайшылардың талаптары орындалатыны белгілі болды. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша Еңбек инспекциясы бөлімінің бастығы Саламат Аманбаев пен облыстың кәсіподақ орталығының басшысы Алтынбек Әмірғалиев хабарлады.

"АМК Мұнай" компаниясының әр қызметкерінің жалақысы 40 мың теңгеге өседі. Бұл шешім үш ай ішінде қаралатын болады, өйткені компания жаңа келісімшарт жасасуы тиіс. Сонымен қатар, компания қызметкерлеріне Наурыз мейрамында сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады. Сыйақы жалақының 50% құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды