Берілген өтініштің 44 пайызы ипотеканы жабуға арналған

newtimes.kz
БЖЗҚ шоттарынан екінші деңгейлі банктерге алғашқы аударымдар 1 ақпаннан бастап келіп түсе бастаған.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін берілген өтініштердің 44% -ы қазақстандықтардың қолданыстағы тұрғын үй қарыздарын төлеуге жұмсалмақ. Бұл туралы "Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол БЖЗҚ шоттарынан алғашқы аударымдар өз банкіне 1 ақпаннан бастап келіп түсе бастағанын атап өтті.

Бүгін таңертең біздің Алматыдағы филиалға ипотекасын төлеуге 30 адам келді деп айта аламын, оның 18-і бұл функцияны түскі асқа дейін қолданып үлгерді. Барлық ұсынылған өтінімдердің 44% -ы - баспана қарыздарын төлеуге бағытталған, - деді банк басшысы ОКҚ брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтардан бастап Қазақстан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алуға өтініштер қабылдай бастады.

Бүгінгі күні жалпы сомасы 212,6 млрд.теңге болатын 38 507 өтінім алдын-ала мақұлданып, өңдеуге қабылданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды