Украина АҚШ-тан экономикалық және әскери көмек алатын болды

ukrinform.ru
Кулеба бұған дейін Киев пен Вашингтон арасындағы қатынастарда "жаңа заман" басталатынын мәлімдеген.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаға экономикалық және әскери көмек беруге уәде берді, деп мәлімдеді Мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс.

Бұл туралы Риа Новости хабарлады, деп жазады kursiv.kz.

Блинкен Украинаның сыртқы істер министрлігінің басшысы Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлескен кезде тиісті мәлімдеме жасады.

Тараптар Қырым мәселесін дипломатиялық жолмен шешу және Украинаның шығысындағы жағдайды талқылады. Сонымен қатар, олар сыбайлас жемқорлықпен күрес, экономикалық реформалар және коронавируспен күресу тақырыптарын қозғады.

Кулеба бұған дейін Киев пен Вашингтон арасындағы қатынастарда "жаңа заман" басталатынын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды