Тоқаевқа зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану барысы бойынша есеп берілді

Ақорда
Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берілді.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды