Былтыр Алматыда 42 500-ге жуық бала дүниеге келді

Pixabay
Өткен жылы ауыр дәрежелі преэклампсиясы бар 10 әйел босанды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, Алматыда 2020 жылы 42019 бала дүниеге келген, деп хабарлайды деп хабарлайды zakon.kz.

Мысалы, қалалық №2 перзентханада 5,5 мыңға жуық бала, 2937 ұл және 2750 қыз бала туған.

900-ге жуық нәресте хирургиялық араласу арқылы кесарь тілігімен пайда болды. Перзентхананың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова атап өткендей, жедел босануға негізгі көрсеткіштер: жатырдағы тыртық, ұрықтың жамбаспен келуі, ұрықтың қауіпті жағдайы, клиникалық тар жамбас жатады.

Өткен жылы ауыр дәрежелі преэклампсиясы бар 10 әйел босанды. Статистикаға сәйкес, бұл патология ана өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Барлық 10 әйел сәтті босанды.

Естеріңізге сала кетейік, №2 қалалық перзентхана 132 төсектік қуаты бар қаладағы ең көне босандыру мекемесі болып табылады. Перзентхананың жабдықталуы шамамен 100% құрайды.

Өткен жылдың өзінде 265 бірлік заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды, оның 204-і жергілікті бюджет есебінен, қалғаны перзентхана есебінен.

Медициналық көмекті жоғары білікті медицина қызметкерлері көрсетеді. Жалпы перзентхананың жасақталуы 96% құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды