Президентке еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы баяндалды

inbusiness.kz
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары Сот Кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында баяндалды.

Мемлекет басшысына Қазақстан халқына Жолдауында және республикалық соттар съездінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Президентке Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды, делінген хабарламада.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды