Нығматулин: интеграциялық бірлестіктерде Қазақстанның мүддесі маңызды

Ж.Құспанов
Қазақстан интеграциялық бірлестіктердің барлық жұмыс органдарында өкілдік етуі тиіс.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин интеграциялық бірлестіктердің жұмыс органдарында Қазақстанның біркелкі өкілдік ету қағидатының сақталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа ратификациялық түзетулерді қарау барысында депутаттар 10 жұмыс тобының ішінен түрлі бағыттар бойынша біріккен әріптестік шеңберінде тек біреуін қазақстандық тарап, ал 9-ын Ресей өкілдері басқаратынына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл мәселенің Қазақстанның мүддесін қорғау үшін маңыздылығын айтып, депутаттар барлық парламенттік интеграциялық бірлестіктердегі жұмыс тәсілдерін өзгерту үшін көптеген шараларды қолға алып келе жатқанына назар аударды.

Н.Нығматулиннің пікірінше, осындай қадамдарды жұмыс органдарында да жасау керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды