Қазақстанда 8 колледж жабылды

Яндекс
ҚР БҒМ колледждердің білім беру қызметіне қатысты мониторинг жұмыстарын жалғастырады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған.

Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталмыш оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады. Жалпы барлық жабылған колледж студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылды және оқытушылары жұмыспен қамтамасыз етілді.

ҚР БҒМ колледждердің білім беру қызметіне қатысты мониторинг жұмыстарын жалғастырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды