Павлодар облысында қылмыстық топ мемлекетке 1 млрд теңге залал келтірді

видеодан кадр
Жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқаны анықталды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "SТОР-ОБНАЛ" жедел шарасы шеңберінде нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактураларды жазып беру фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар облысы аумағында 2018-2019 жылдар аралығында бір топ тұлға "өзара есеп айырысу" туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқаны анықталды. Осылайша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент-кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруда көмек көрсетіп, нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық шығын келтірілді.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды, оның шеңберінде айыпталушылардың басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты болуы (мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын жымқыру, қылмыстық жолмен алынған кірістерді (мүлікті) заңдастыру, сондай-ақ шетелге капиталды шығару) тексерілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды