Денсаулық саласының қос вице-министрі екпенің екінші дозасын салдыртты

ҚР ДСМ
Олар вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда қабылдады.

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Қинаят коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасының екінші дозасын қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оларға Нұр-Сұлтан қаласының №6 қалалық емханасында екпе жасалды.

Вакцина салар алдында мейірбике алғашқы екпеден кейінгі жағдайлары туралы сұрады. Ерлан Қиясов пен Ажар Қинаят өздерін жақсы сезінетіндіктерін жеткізді.

Үш күн суға түсуге болмайды. Жалпы әлсіздік пен бей-жай күйді сезінуіңіз мүмкін, бірақ оған бола алаңдамаңыз, бұл қалыпты реакция, - деді медбике.


Олар вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинация екі кезеңнен тұрады: екінші доза біріншісінен 21 күн өткен соң салынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды