Астанада карантиндік шаралар жұмсартылуы мүмкін

Pixabay
Егер біз осы аптада "сары" аймақтағы тұрақтылықты сақтайтын болсақ, онда, әрине, кейбір жеңілдіктер қабылданады - Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова.

Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрақты түрде "сары" аймақта қалып келеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

8-10 ақпан аралығында біз үш күн "қызыл" аймақта болдық. Содан кейін қайтадан "сары" аймаққа оралдық, қазір біз осы аймақта тұрақтап тұрмыз. Осыған байланысты, қазір бекітілген алғышарттаға байланысты шектеу шараларын белгілі бір деңгейде жеңілдету мәселесі қарастырылуда. Бұл мәселе талқыланып жатыр. Егер біз осы аптада "сары" аймақтағы тұрақтылықты сақтайтын болсақ, онда, әрине, кейбір жеңілдіктер қабылданады, - деді Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Ол бұған дейін олар қауіп-қатер тобына жатпайтын елорда тұрғындарына жаппай екпе қашан салына бастайтынын айтқан.

1 ақпанда Қазақстанда вакцинациялау науқаны басталды. Қазірдің өзінде 20 мыңға жуық медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы екпе алды. Вакцинацияның келесі кезеңі бойынша енді мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері екпе алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды