Өзбек президентінің таудағы құпия шипажайы табылды

видеодан кадр
Зерттеуде шипажай маңында жаңа су қоймасы бар екені айтылған.

Өзбекстанның мемлекеттік компаниялары президент Шавкат Мирзияевтің таудағы құпия шипажайының құрылысын жүргізген. Азаттық радиосының Өзбек қызметі журналистік зерттеуінің авторлары осындай тұжырым жасаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Журналистер мәліметіне қарағанда, Мирзияевтің зәулім үйі және тікұшақ қонатын алаңқайы бар нысан құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жыл аяғына таман біткен. Кешен Угам-Чаткал биосфера қорығы аумағында бой көтерген. Бұл қорықтың бір бөлігі UNESCO ұйымының дүниежүзілік мұралары тізіміне енген.

Зерттеуде шипажай маңында жаңа су қоймасы бар екені айтылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қойма сумен қамту жүйесіне кедергі келтірген. Сол себепті бірнеше отбасы көшуге мәжбүр болған.

Озодлик радиосының мәліметі бойынша, құрылысты "Өзбекстан темір жолдары" мемлекеттік компаниясы жүргізген. Су қоймасын былтыр жарылған Сардоба қоймасын тұрғызған компания салған. Сардобадағы апаттан алты адам қаза тауып, мыңдаған адам баспанасыз қалған еді.

Құпия шипажай Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан. Бұл жер Өзбекстанда ұшуға тыйым салынған алты аймақтың біріне жатады. Мирзияев әкімшілігі мен "Өзбекстан темір жолы" баспасөз қызметі журналистер сауалдарына әзірге жауап берген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды