Шымкент қаласының әкімі қараңғыда сөйлеп отыр

видеодан алынды
Ыңғайсыз жайт Мұрат Әйтеновтің қалалықтармен бейнеконференция арқылы байланысқа шыққан студияда орын алған.

Шымкент қаласы әкімінің есеп беру кездесуі кезінде жарық сөніп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

BaigeNews.kz хабарлағандай, ыңғайсыз жайт Мұрат Әйтеновтің қалалықтармен бейнеконференция арқылы байланысқа шыққан студияда орын алған.

Әкім қала тұрғынының сұрағына жауап беріп жатқан сәтте жарық сөніп қалды. Бірақ, Әйтенов еш саспастан, сөзін қараңғыда жалғастыра берді.

Айта кетсек, алдында Бердібек Сапарбаевтың онлайн жиыны кезінде де оқыс жайт орын алып, мінберге тағылған елтаңба салдыр-гүлдір құлаған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды