ШҚО колониясына шай мен шырын деп, телефон мен ішімдік кіріп кете жаздады

ШҚО ҚАЖД
Қатты тінткіш келетін колония қызметкерлері бәрін тауып алды.

32 жастағы әйел досына шайдың ішіне жасырып телефон, ал 1 литрлік қағаздағы шырынның ішіне алкогольді жасырып кіргізуге тырысты, дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Телефон мен алкогльді тінту кезінде колония қызметкерлері тауып алып, тәркіледі.

Әйел адам арнайы тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқан досына телефон мен алкоголь кіргізбек болды, ол кісі өлтіргені үшін 16 жылға сотталып, бас бостандығынан айырылған. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481 - бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін "қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру" туралы материалдар жиналды, деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қанат Зиянов.

Айта кету керек, осы жылдың басынан бастап колония қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтыру және алып өту фактілерінің бірнеше дерегінің алды алынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды