Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады

24.kz
25 наурызда жұмысқа шығамыз.

2021 жылдың наурызында қазақстандықтарды 12 демалыс күні мен 19 жұмыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

Күнтізбе тәртібі

8 наурыздың демалысы

Биыл 8 наурыз дүйсенбіге түседі, сол себепті бұл мерекені қазақстандықтар 3 күн тойлата алады – 6, 7, 8 наурыз (бес күндік жұмыс аптасы болса).

Аптасына алты күн жұмыста жүргендер 7 және 8 наурызда демалады.

Наурыздың демалысы

Наурыз мерекесінің бірінші күні жексенбі екен, сол себепті бұл демалыс күні сәрсенбіге, 24 наурызға ауыстырылады.

Сонда Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалып қалады – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес күндік жұмыс аптасы болса).

Алты күндік жұмыс аптасы болған жағдайда демалыс 21, 22, 23, 24 наурызда беріледі.

Осылайша, 25 наурызда жұмысқа шығамыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды