Мәжіліс тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды – Нығматулин

Ж.Құспанов
Алдағы жалпы отырыста микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері де қаралады.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро отырысында депутаттар қарауына Еуразиялық экономикалық одақтың тауар және қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Шарттың мақсаты тауар және қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылатын жерлердің атауларына қатысты құқықтарды алудың өңірлік жүйесін құру.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бар.

Бұл құжат темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңмен үйлестіруді көздейді.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста депутаттар микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды