Парламентаризм институтының директоры тағайындалды

Баспасөз қызметі
Бұл лауазымды қызметке Парламент Мәжілісінің алдыңғы шақырылымының депутаты болған Мансұрхан Махамбетов келді.

Мансұрхан Махамбетов Парламентаризм институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Парламент Мәжілісінің алдыңғы шақырылымының депутаты болған.

Мансұрхан Махамбетов – прокуратура органдарында, оның ішінде өңірлерде жұмыс істеген, тәжірибесі мол кәсіби заңгер.

1965 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау жөніндегі прокурор, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарған.

Мәжілістің VI шақырылым депутаты кезінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, сондай-ақ, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болды.

Парламентаризм Институты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Құрылымның қызметі заңнаманың тиімділігін талдауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында парламентаризмді дамытуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды