Депозиттер бойынша сәуірге арналған максималды мөлшерлемелер жарияланды

Depositphotos
Оны ҚДКБҚ жариялады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың сәуір айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ең табысты салым – әдеттегідей толықтыру құқығы жоқ, мерзімі 12 айлық жинақ депозиттер – 14%. Еске саламыз, теңгелік жинақ депозиттер бойынша жоғары мөлшерлемелермен қатар көтеріңкі кепілдік сомасы да қарастырылған – 15 млн теңге.

2021 жылдың ақпанында Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейі қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалды. Еске саламыз, олардың деңгейі осы базалық мөлшерлемеге тәуелді.

Мерзімді депозиттердің нарықтық мөлшерлемелерге тәуелді мөлшерлемелері де өзгеріссіз қалды. Өйткені жүйелік деңгейде тиісті өнімдер бойынша банктер ұсынатын мөлшерлемелерге қатысты қандай да бір айқын үрдіс байқалған жоқ.

Нарықта 24 айға ашылатын жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу үрдісіне байланысты олар бойынша мөлшерлемелер аздап төмендеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды