Мамин "Роскосмос" басшысы Рогозинмен кездесті

primeminister.kz
Кездесуге Роман Скляр және Бағдат Мусин қатысты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

"Бәйтерек" бірлескен ғарыштық зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды