Алматы облысында карантин мерзімі ұзартылды

Pixabay
Карантин режимі мен мерзімі еліміздегі коронавирус инфекциясының таралу жағдайларына байланысты өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сыдыманов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысында карантин өз күшінде қалсын және кейбір шектеу шаралары енгізілсін, делінген ресми құжатта.

Карантин режимі мен мерзімі еліміздегі коронавирус инфекциясының таралу жағдайларына байланысты өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Өңірдегі мына қызмет түрлерін тоқтата тұру қажет:

- 50 орыннан асатын қоғамдық тамақтану объектілері (кафе, мейрамхана, бар);

- 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік формасындағы мектепке дейінгі ұйымдар;

- балалардың сауықтыру лагерлері;

- ойын-сауық нысандары, соның ішінде түнгі клубтар, кальян барлары, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар.

Сонымен қатар, аймақтағы бақылау топтарының жұмысын күшейту қажет.

Аймақта бір отбасы мүшелері болмаса, екіден астам адамның қатар жүруіне тыйым салынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды