Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарында әкім ауысты

Алматы облысының әкімдігі
Қайдар Әбдіханов пен Әлібек Жақанбаев келді.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайдар Әлиханұлы Әбдіханов Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайдар Әлиханұлы Әбдіханов 1974 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын мал шикізатын тауарлаушы инженер және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талғар қаласында "Айгерім" ЖШС директорының коммерциялық қызмет бойынша орынбасары болып бастады.

1999-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Кеден органдарында үздіксіз қызмет етті.

Кейін Қостанай облысында "Қостанай-ЦТО", "Жетіқара" кеден бекеттерінің басшысы лауазымын атқарды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінде жұмыс істеді, Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінің әкімі болды.

2018 жылдың маусымынан – Талғар ауданы әкімінің орынбасары.

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды.

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданы "Левобережный" кеңшарының жұмысшысы болып бастады.

Әр жылдарда Семей қаласында "Зеленстрой" шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, "Қаратал орманы" ММК Алакөл филиалының директоры, "Талдықорған ағаштары" ММК Алакөл филиалының директоры, "Алакөл орман шаруашылығы" ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2011 жылдың мамыр айынан – Алакөл ауданының әкімі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды