Пробация есебіндегілерге "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасы таныстырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Заң мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірмеген қылмыс үшін жауапқа тартылғандарды босату және жаза мерзімдерін қысқартуға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын айтқан болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орайластырылған "Рақымшылық туралы" Заң жобасын әзірледі.

Заң жобасында, сотты болған азаматтардың осал топтарына және азаматтармен мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірмеген қылмыс үшін жауапқа тартылғандарды босату және жаза мерзімдерін қысқартуға бағытталғаны көрсетілген.

Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығында удандық пробация есебіндегі азаматтарға "Рақымшылық туралы" заң жобасын удандық пробация қызметі, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және "Қармақшы жастар" қоғамдық бірлестігінің мүшелері таныстырып, түсіндірді.

Жақсыбек Жүнісов Әділханұлы, Қармақшы аудандық ПҚ-нің аға инспекторы, Әділет майоры

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды