Қазақстандық вакцина Өзбекстанда да өндірілуі мүмкін

24.kz
3 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ресми делегация құрамымен Ташкентте болды,

Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әбдухәкім Хажибаевпен келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Өзбекстанның фармацевтикалық кәсіпорындарының бірінде қазақстандық инцакцивті QazCovid-in вакцинасын өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз эпидемиямен күресте әріптестікті жандандыруды, осы тұрғыдағы жағдайларға жедел жауап беріп, әрекет етуде өзара тиімді іс-қимыл құруды, сондай-ақ қазіргі эпидемиялық ахуал және оны тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы үнемі ақпарат алмасып отыруды ұсынамыз, - Алексей Цой.

3 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ресми делегация құрамымен Ташкентке барды, онда олар ел астанасындағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, фармацевтика саласындағы өзбек әріптестерімен ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды