Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы туралы: Біз өте маңызды мәселелерді талқыладық

Елбасы сайты
Назарбаев отандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, онда біз өте маңызды мәселелерді талқыладық. Тиісті стратегияны бекіттік, оның шеңберінде жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Қауіпсіздік кеңесінің аппараты ондағы қойылған міндеттердің орындалуын қадағалауы керек, - деп Елбасы нұсқау берді.

Сонымен қатар, Назарбаев отандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.

Әсет Исекешев 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді анықтау және оларды болдырмау мен залалсыздандырудың жүйелі шараларын әзірлеу бойынша аппарат жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды