Ақтауға бір күнде Қарақалпақстаннан 490 адам келді

ozodlik.org
Еңбек мигранттары Өзбекстанның ресми тұлғалары мен қазақстандық жұмыс берушілер арасындағы келісімге сәйкес жұмысқа жіберілген.

7 наурызда Қарақалпақстанның 490 тұрғыны "Давид ота" шекара бекетінен Қазақстанның Ақтау қаласына жіберілді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Олар мұнда түрлі құрылыс алаңдарында жұмыс істейді.

Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттіктің 9 наурыздағы хабарына қарағанда, өзбектің еңбек мигранттары Өзбекстанның ресми тұлғалары мен қазақстандық жұмыс берушілер арасындағы келісімге сәйкес жұмысқа жіберілген.

Биыл 25 ақпанда өзбек президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтерінің еңбек қызметі туралы келісімін мақұлдады.

Құжатта еңбек мигранттарының ақысын төлеу, табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, өтемақы мәселелері қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды