Ақтау тұрғыны шаян өсіріп жатыр

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шаян өсіру үшін Ақшұқыр ауылында 5 бассейнді қолдан жасаған.

Ақтаулық кәсіпкер Максим Ефанов 2 мыңға жуық шаян өсіріп отыр. Ерекше кәсіпті өткен жылы қолға алған кәсіпкер бүгінге дейін 2 тоннадан астам шаян өсірген, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір қызығы, ол жәндіктерді өсіруді ғаламтордан үйренген.

Былтыр бастағанда 300 келідей сатып алдым. Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Қалаға супермаркеттерге, мейрамханаларға апарамын. Шаяндар тамақтануға тек түнде ғана шығады, олардың арнайы тамағы бар, дейді кәсіпкер.

Максим шаянды өсіру үшін Ақшұқыр ауылында 5 бассейнді қолдан жасаған.

Олар таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады. Әуелі ауыл шаруашылығы министрлігі экспертизалар өткізіп, келісімін берген болатын. Алдағы уақытта шаян санын 15-20 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар балық шаруашылығымен айналысып көргіміз келеді, дейді кәсіпкер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды