Жинағын алуға келген Тәңірбергенді БЖЗҚ ит қылды

видеодан кадр
Тәңірберген ойда-жоқта Отбасы банкін ойлап тапқан бюрократиялық жүйені тығырыққа тіреді.

Тәңірберген Бердоңғаров тамыр-таныссыз, Қазақстандағы кәдімгі жай адам сияқты зейнетақы жинағын алып көрейін деп, Отбасы банкіне кіріп көріпті.

Тәңірбергеннің камера ұстап кіргенін байқаған күзетші жетіп келді. "Қазір СБ келеді" деп шошытпақ болды. Сосын екі сағат кезекте отыру керек екен.

Енді келіп өтініш толтырайын десе, оператор "әйел ЭЦП-ыңды әкеліңіз" деп қиғылық салыпты.

Блогер анықтағандай, Қазақстанда халықтың өз ақшасын алып, өз қалауынша оңды-солды жұмсайтын құқығы жоқ екен! Отбасы банк жинағын алып алған адамның ақшасын қалай жұмсағанын тексереді.

Сөз соңында Тәңірберген "біздің елге Отбасы банк деген құрылым керек емес", деген тұжырымға келеді. Бірақ "Отбасы банкті" ойлап тауып, құрғандар, соған орналасып, жайғасып алған қулар бұған көнбес-ау...

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды