Путин Байденге тікелей эфирде кездесуді ұсынды

Kremlin (Reuters)
Байден ABC News каналына берген сұқбатында журналистің "Ресей президенті Владимир Путин адам өлтірді ме?" деген сұрағына "ия" деп жауап берген.

Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденге пікір-таласты тікелей эфирде жүргізуді ұсынды. Ресей президентінің айтуынша, ол Байденмен 19-ы не 22 наурызда сөйлесуге дайын.

Ресей сыртқы істер министрлігі екі президенттің сөйлесуіне дайындық басталғанын министрліктің өкілі Мария Захарова хабарлады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

17 наурызда Байден ABC News каналына берген сұқбатында журналистің "Ресей президенті Владимир Путин адам өлтірді ме?" деген сұрағына "ия" деп жауап берген. Ол орыс билігі АҚШ-тағы сайлауға килігу әрекеті үшін жақын арада жауап береді деді.

Осы сөзінен кейін Ресей АҚШ-тағы елшісін Мәскеуге қайтарды.

Путин ұсынысынан кейін Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки журналистерге АҚШ әкімшілігі әзірге тікелей эфирдің болатыны, не болмайтыны жөнінде айта алмайтынын, себебі Байден Джорджияға іс-сапармен бара жатқанын мәлімдеді.

Псаки сонымен бірге Байден айтқан сөздеріне өкінбейді деді.

Президент тіке қойылған сұраққа тіке жауап қайтарды, - деді ол.

Баспасөз хатшысы АҚШ Ресеймен әртүрлі қайшылықтарға қарамастан, бірқатар салалар бойынша жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды