Мәжілісте ЕАЭО өнімдерінің қауіпсіздігі туралы келісім қаралады

Ж.Құспанов
Құжат Одақтың міндетті қауіпсіздік талаптары белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бюро отырысында депутаттар қарауына ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің ЕАЭО шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Құжат Одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген және мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті қауіпсіздік талаптары белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Күн тәртібінің жобасында "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" заң жобасын және оған ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда қарау ұсынылды.

Сонымен қатар, отырыста жетінші сайланған Мәжіліс пен шет ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтардың құрамы туралы мәселе қаралды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды