Алматыда Аяжан Еділованы өлтірген күдікті ауруханадан шығарылды

pixabay.com
Тергеу жалғасуда.

19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген 28 жастағы күдіктінің денсаулығы түзелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті ауруханадан шығарылды. Сот оған "қамауға алу" шарасын таңдағандықтан, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ол абақтыда болады.

Тергеу жалғасуда. Күдікті есі дұрыс деп танылса, оған 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.

19 наурызда жұмысынан шыққан 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда қыздың өлі күйде табылғаны белгілі болды – ол асқан айуандықпен өлтірілген.

Күдікті – 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны, ұсталды. Полиция пәтер есігін бұзып кіргенде ол өзіне-өзі қол салмақ болған. Бірақ тірі қалды.

Марқұмның туыстары қыздың денесі бөлшектелгенін айтты. Олар күдіктіні маньяк деп санайды, өйткені Аяжанның тістері қағылып, тырнақтары жұлынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды