Жаңаөзенде "Жұмыс жасаймын" жобасы іске асырылуда

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысында 85 адам жұмыс істеп жатыр.

Жаңаөзен қаласында тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету мақсатында "Жұмыс жасаймын" жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл 1 сәуірден Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтарды "Жұмыс жасаймын" жобасы арқылы жұмыспен қамту жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыссыздар кезегінде 76 адам тұр. Олардың ішінен 28 адамға "СтройПластАктау" ЖШС мекемесі, 48 адамға "Korkem Alem" ЖШС мекемесі жұмыс береді.


Бұдан бөлек, Рахат ауылында сиымдылығы 300 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарында 85 адам, Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысында 85 адам жұмыс істеп жатыр.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше мұндай шаралар жүзегеасыру арқылы қаладағы жұмыссыздық мәселесі кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды