Президент Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Досаевты қабылдады

Ақорда
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысында негізгі ықтимал сын-қатерлер жайында айтты.

Президентке еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтердің жағдайы, алтын қорын хеджирлеу тәсілдері жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды